Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Шенеуніктер Астана қаласын тағы 9 гектарға кеңейткелі жүр

f181578cd59b89d9de6799beee28c2c9

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өз Жолдауында халықаралық әуежайды кеңейту қажеттігін атаған еді. Осыған байланысты қала әкімдігі Астананы кеңейту үшін 3340 гектар жер бөліп, бүгінде үлкен әуежайдың құрылысы жүргізілуде.

Бұдан бөлек, шаһар аумағын үлкейту үшін қосымша 7300 гектар бөлініп отыр. Яғни, Майбалық көліне дейінгі аумақ қала тұрғындары үшін демалыс орнына айналмақшы.

Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Төлеуғазы Нұркеновтің сөзінше, бұл мәселені қоғамдық кеңес қарап, мақұлдап үлгеріпті.

«Енді қалалық мәслихаттың сессиясына шығарып, олардың шешімімен әкімшіліктің қаулысын дайындап, Ақмола облысына жібереміз. Олар өздері шығарады ондай документтерді, солардың барлығын реттеп, Үкіметке жібереміз. Үкімет қаулы қабылдайды. Соның негізінде Президент Жарлық шығарады. Осы қаланың шекарасын үлкейту мақсатында», – деді Т.Нұркенов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз