Астана Apple және Google қызметтеріне салық салу мүмкін

22 просмотров

Қазақстан қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті елде Apple және Google жүйелерінің тұғырнамалары арқылы жүргізілетін электрондық қаржы операцияларына салық салуды көздеп отыр, деп хабарлады комитет төрағасы Дәулет Ерғожин.

Оның айтуынша, осы тұғырнамалар арқылы жүргізілетін сауда операцияларының көлемі салық салуға жеткілікті және мемлекет бұдан бюджетке табыс жинауы керек. Ерғожин аталған компаниялардың өкілдерімен кездесу күзге жоспарланғанын айтты.

Электрондық қызметке қосылған құн салығын (ҚҚС) енгізуді қарастыратын заң жобасын Ресейдің Федерация кеңесі биыл маусым айында мақұлдаған еді. Ресей аумағындағы шетелдік интернет компанияларға салынған құн салығы «Google салығы» деп аталып кетті.

Ресейлік қолданушылардың шетелдік интернет компаниялардан алған бағдарламалық жасақтамалар, фильмдер, компьютерлік ойындар, музыкалар, кітаптар және электрондық мәліметтер базасы да осы заңның ықпалына енгізіледі. Ресейде заң жобасы 2017 жылы күшіне енуі мүмкін.

Загрузка...