Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Астана айналасындағы орман алқабы 100 мың гектарға дейін ұлғаяды

133

2015 жылы мемлекеттік орман иеленушілер орман және орман өсіруді көбейту жөніндегі іс-шараларды 60,2 мың гектар алқапта жүргізген.

“Астана қаласының айналасында орман отырғызудың жалпы аумағы 1997 -2015 жылдары 75 мың гектардан асты.

2020 жылға дейін жасыл аймақ алқабын 100 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда.

Ақмола облысында орманды аумақтарды ұлғайту мақсатында жоғарғы технологиялық инновациялық кешені бар бірегей орман селекциялық орталығы жұмыс істеп жатыр”,

– делінген хабарламада.

Жыл сайын кәсіпорын тұқымбағында  600 мың дана қарағай, 700 мың дана қара сексеуіл, 100 мың дана Шренка шыршасы, Сиберс алмасы мен өрік көшеттері өсіріледі.

Үстіміздегі жылы селекциялық орталық әртүрлі ағаш бұталардың түрлерінің 1,9 миллион данаға жуығын өсіруді жоспарлауда. Сонымен қатар орман орталығында өндірістік орман биотехнологиялық зерттемелері жұмыс істейді, әзірлемелер қалпына келтірілген өсімдіктердің барлық негізгі генетикалық ерекшеліктерін сақтай отырып вегетативтік көбеюін жылдамдатуына ықпал етеді.

Бүгінгі күні Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Қаратау таралымдары алмаларының, қайыңдардың  (Карель, мамық, жалпақ жапырақты, қара) терек, майда жапырақты жөке және тағы басқа түрлерінің тұқымы шығарылған.

Өсірілген көшет материалдары мемлекеттік орман қоры аумағында, оның ішінде, Астана қаласының жасыл аймағында пайдаланылады. Ағымдағы жылы көшет материалдарымен «Іле-Алатауы», «Бурабай», «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық парктері, «Жасыл аймақ» РМК-сы қамтамасыз етілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз