Ақорданың Facebook-тегі жеке парақшасында Мемлекет басшысының Сауд Арабиясына барған алғашқы сапары мен Қағбаға баруы туралы видеоны жариялады.
«Елбасының жұмыс сапарымен Сауд Арабиясына баруы аясында Сіздердің назарларыңызға 2012 жылы түсірілген «Галстуксыз үлкен саясат» деректі фильмінен үзінді ұсынамыз. Онда Нұрсұлтан Назарбаевтың 1994 жылы Эр-Риядқа алғаш рет баруы, соның ішінде Қағбаға аяқ басуы туралы айтылған», – деп жазылған.
Қасиетті Қағба – адам баласының құлшылық етуі үшін тұрғызылған ең алғашқы Алла үйі. Оның Қағба аталуы сыртқы бейнесінің шаршы болуымен түсіндіріледі, яғни «Қағба – тік төртбұрышты болғандықтан осылай аталған».
Қағба – мұсылман баласының көзі мен жүрегі талпынып тұратын құбыласы. Бұл жөнінде Құран Кәрімде: «Негізінде адам баласы үшін Меккеде алғаш құрылған үй (Қағба) бүкіл әлемге мүбәрак және тура жол» делінеді.