Биыл Астана қаласының Сарыарқа сотында ашық қазаншұңқырға түсіп кетіп, көлігіне келген зиянды өтеу туралы 4 іс қаралған.
Сарыарқа аудандық сотының төрағасы Арман Жүкенов қаладағы көліктер мұндай жағдайға көп тап болады, бірақ залалды өндіру үшін шағымданатындары аз екенін айтады деп хабарлады 24.kz.
Ал жауапқа тартылатын қалалық әкімдіктің автокөлік жолдары басқармасы немесе жолға жөндеу жүргізіп жатқан компания болады.
Арман Жүкенов, Сарыарқа аудандық сотының төрағасы:
– Бұл факті оқиға орнында тіркелуі керек. „Люк ашық болып, оған түсіп кетіп едім„ деп 2 күннен соң келіп тұруға болмайды. Қолында оны дәлелдейтін құжат болуы тиіс. Осыны көлік жүргізушілері көп біле бермейді.