Асхат Тарғынмен төбелесіп қалған асаба жанжалдың неден туындағанын айтып берді

8 246 просмотров

Қазақстандық белгілі әнші Асхат Тарғынов той үстінде асабамен жаға жыртысты.

Жанжалдың неден шыққанын сол тойға асабалық еткен әнші Айбек Қоңырбаев айтып берді — деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Youtube желісінде жарияланған видеода асаба мен қазақстандық әнші Асхат Тарғын арасында болған төбелес түсірілген. Видеоны әлеуметтік желіге жүктеген Рауан Әбілғазин есімді қолданушы: «Чип-Чип әнін орындаушы Асхат Тарғынов тойдың үстінде төбелес шығарды. Ол әнші Айбек Қоңырбаевты соққы астына алды» — деп видеоға атау берген. Әзірге, видеоны көп адам қарап үлгермеген.

Осы оқиғаның басты кейіпкерінің бірі асаба әрі әнші Айбек Қоңырбаевтың айтуынша бұл оқиға 21-қыркүйекте Алматы қаласының бір мейрамханасында үйлену тойы кезінде болған және ол ешқандай да ойдан құрастырылған нәрсе емес.

«Бекітілген бағдарлама бар, менің басқаруыма қарап отырған той иелері бар. Асхат Тарғын өзі кешігіп келіп, менің ән айтуым керек деп бас салды. Менің намысыма тиген соң, мен оны кеудесінен итеріп жібердім. Әрі қарай тойды жүргізейін деп жалғастырып жатқанымда, ол келіп мені құлатып салды. Сыртқа шығып тағы сөйлестік. Біреудің тойын әдейі бүлдірейін деген ойым жоқ», — дейді Айбек.

Қазіргі уақытта қарым-қатынастарыңыз қандай деген сұраққа ол: «Сол күннен кейін бір-бірімізбен хабарласқан жоқпыз» деп жауап берді.

Загрузка...