Аша Матай неге ашулы?

79 просмотров
Тележүргізуші Аша Матай өзінің инстаграмдағы парақшасында Баян Есентаева туралы сұрақ қойғандарға жауап берді. Ол желі қолданушыларының бұл әрекетін нағыз ақымақтыққа балады.

 Баян Есентаеваны күйеуінің пышақтағанын естіп жұрт дүрліккен-ді. Бұдан кейін продюсердің туыстарының әлеуметтік желідегі парақшасында түрлі пікірлер жазылды. Арасында істің мән-жайын білгісі келіп сұрақ қойғандар болды. Желі қолданушыларының осы әрекеті Аша Матайды мезі етсе керек. Тележүргізуші қатты ашуланып, адамдардың бұл әрекетін өсекқұмарлық пен ақымақтыққа балады, деп хабарлайды alashinform.kz.
photo_30454
«Адамгершілік танытыңдаршы! Ойларыңа келгенді жаза бергенді де доғарыңдар! Бізге оңай болып жатқан жоқ, ал сендер болсаңдар ақылға сыймайтын сұрақтар қойып, жағымсыз пікірлер жазып жатырсыңдар. Ең танымал, мықты, ақылды әрі сұлу әйелсіз бір күн болсын өмір сүріп көріңдерші! Адамдар оны жіті бақылап, артынан өсек айтып, қызғаныштан жағымсыз дүниелер жазады. Мұндай қайғыны бастарыңнан өткеріп көріңдерші.
Мұнымен қатар, бүкіл жұрттың сіздің қайғыңызды өсек қылып жатқанын елестетіңіз! Мен мұны ешкімге де тілемеймін! Бірақ сендер мені өздеріңнің ақымақтықтарыңмен, өзімшілдіктеріңмен және өсекқұмарлықтарыңмен таң қалдырасыңдар! Тақырыпты жабыңдаршы! Алла барлығын көріп тұр, о дүниеде әрбір айтқан жағымсз сөзіңіз өзіңізге қарсы келеді.
«Жақсы пікірлер ғана жазып жатырмыз ғой, мұндай жазбаның не керегі бар” деп жағымпазданудың қажеті жоқ.
Шынымды айтсам, көп нәрсе жазғым келеді! Адамдар! Мен жағымсыз пікір жазғандарды бірден бұғаттап, олардың пікірлерін өшіріп тастаймын. Жаман пікірлер туралы жазсам, олар бар деген сөз! Мен оларды ойдан шығарып жатқан жоқпын! Екіжүзділік танытуды доғарайықшы! Бұл инстаграмның агресивті «тұрғындарына” қатысты айтылып тұр! Әрине, шынайы ниет білдіріп, сауығып кетуін тілеген жандарға көп рахмет! Біздің отбасымызға тілегендеріңіз, өздеріңізге 100 есе қайтып оралсын!” – дейді Аша Матай.
Бұл жазбаны оқыған желі қолданушылары Аша Матайды қолдап, көпшілікті бұдан былай артық сұрақ қойып мазаламауға шақырды. Отбасындағы қайғылы оқиғаның қыздарының психикасына айтарлықтай әсер етіп жатқанын айтты.
Аша Матай Баян Есентаеваның туған әпкесі Бәтестің үлкен қызы.
Загрузка...