Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қашағанның мұнайы жаңа құбыр желілеріне түсе бастады

Бірақ әзірше, мұнай жағаға баратын, бастан-аяқ ауыстырылған құбырларға жіберілген. Сынама  сәтті өтсе, Каспиидің «қара алтыны»  бюджетті  қампайтуы тиіс.Айта кетсек, дүниежүзіндегі ең ірі кен орнында 3 жыл бұрын мұнай өндіру тегіс тоқтатылған болатын. Бұған теңіз астындағы 200 шақырымға созылатын құбырдың тесілуі себеп.Желіні ауыстыру ұзаққа созылып, соңында біздің Үкімет  бірнеше миллиард доллар табыстан қағылғаны бар.

Ал Қашағанға АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италияның алпауыт компаниялары мол ақша салғанын ескерсек, бұл үлкен коммерциялық жоба. Әрине, Қазақстанның үлесі де жоқ емес. Енді жаңаланған құбырлардан тағы ақау шықпаса, жұмыс істеуінен тұралауы көп болған Қашаған пайда әкелуі тиіс. 

FILE - This April 2012 file photo provided by North Caspian Operating Company NCOC shows Kashagan offshore oilfield is in western Kazakhstan. The supergiant field, which is believed around 13 billion tons of recoverable oil, is expected to begin producing its first crude in 2013 after many years of delays. (AP Photo/North Caspian Operating Company, File)

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз