Қашаған мұнайы жоспарланған мерзімнен бұрын өндіріле басталмақ

53 просмотров

Қашағанның мұнайы қыркүйектің 24-інде өндіріле бастамақ.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Еске сала кетелік, осыған дейін Қашаған кен орны биыл желтоқсан айына таман өндіріле бастайды деп мәлімделіп келген еді. Ал бүгін „қара алтын„ кенішінің жоспарланған осы мерзімнен екі ай бұрын өндіріле бастайтындығы белгілі болды.

Бүгін Ақордада өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаев Елбасыға Қашаған жайын баян етті.

Жиын барысында Елбасы бірқатар өңір басшыларын тыңдай келе, Қашаған мәселесіне назар аударды.

«Еліміздің күтіп отырғаны Қашағанның алғашқы мұнайы. Оның Қазақстанға, елдің дамуына әкелетін пайдасы мол. Не болып жатыр жағдай?», деп сұрады Мемлекет басшысы ұлттық мұнай-газ компаниясының басшысына қарата айтқан сөзінде.

«Қашаған бұйырса осы айдың аяғында мұнай өндіруге кіріседі. Сосын қараша айының соңына таман, бұйырса коммерциялық өндіруге жетуді ойлаған жоспарымыз бар. Енді жұмыстар ақырындап, байыппен атқарылуда. Бұйыртса, қыркүйектің 24-інде алғашқы мұнай өндіруді бастамақ», деді «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаев.

Өз кезегінде Президент Қашағанға қатысты мәселені баяндап тұруды тапсырды.

Загрузка...