Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қашаған кен орнынан мұнай өндіру басталып кетті

Қанат Бозымбаев, сондай-ақ, «Болашақ» мұнай өңдеу зауытының да жұмыс істеп тұрғандығын айтты.

– «Болашақ» жұмыс істеп тұр. Оны қалпына келтіру жалғасып жатыр, себебі қондырғының барлық түрі әлі жүктеліп жатыр. Бірақ саудаға шығарылатын мұнайы Болашақ зауытынан шықты, тазартылған және бүгінгі күні «ҚазТрансОйл» резервіне құйылып жатыр, – деді Қанат Бозымбаев.

Министрдің айтуынша, енді мұнай кезең-кезеңімен «ҚазТрансОйл» резервтерінде жиналатын болады және алдағы уақытта оператор алғашқы экспорттық келісімшарттар туралы хабарлайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз