Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
9
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Қашағанға байланысты қысқарған жұмысшылар Теңіз кенішіне барады

Оның айтуынша, қазір жобалау жұмыстары аяқталған, енді жұмыс алаңдары дайындалып жатыр.

– Сол секілді вахталық “Өркен” ауылының құрылысы салынып жатыр. Өндіріске толықтай кіріскенде 20 мың маман керек болады, олардың басым бөлігі мердігерлік компанияларға қажет болады, – дейді ол.

Еске сала кетелік, 10-қазанда Үкімет отырысында Денсаулық сақтау және әлеуметті қорғау министрі 2017 жылдың соңына дейін мұнай саласына қызмет көрсетуші компанияларда жаппай қысқарту орын алғалы отырғанын мәлімдеген еді. Әсіересе, оның Атырау облысына тікелей қатысы бар. Онда шамамен 3 800 адам жұмыссыз қалғалы тұр. Бірақ министр оларды жұмысқа орналастыру бойынша шаралар қабылданып жатқанын да айтқан.

“Қысқарту Қашағанның іске қосылуына байланысты орын алмақ, ал одан боас қалғандар Теңіз жобасына тартылады. Бұл ретте компания Атырау облысының әкімдігі мен министрліктермен тығыз байланыста жұмыс жасап жатыр” деп мәлімдеді Теңізшевройл компаниясының қоғаммен байланыс бойынша бас менеджері Ырзабек Артығалиев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз