Асад: Сирия Батыс пен Ресейдің соғыс сахнасына айналды

227 просмотров

Сирия президенті Башар Асад Сирия Ресей мен Батыс арасындағы қақтығыс алаңына айналып кетті деп мәлімдеді. «Соңғы бірнеше аптада, тіптен соңғы бірнеше айдан бері қырғи-қабақ соғыстан да үлкен майдан болып жатқанын көріп отырмыз», — деді Сирия президенті Башар Асад ресейлік «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында.

Сұхбатта Асад Түркия «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы мен шекарадағы күрдтермен күресеміз деп Сирияға «басып кіргенін» мәлімдеді.

Сирия президенті сонымен бірге Сауд Арабия егер біздің басты одақтасымыз Иранмен байланысымызды үзетін болсақ ғана көмектесуге уәде берді дейді. Асадтың сөздерінше, Сауд Арабия «Егер сіздер Ираннан кетіп, бұл елмен кез-келген қарым-қатынасты үзсеңіздер, біз сіздерге көмектесуге дайынбыз. Қарапайым әрі тікелей» деген.

Ресей бір жыл бұрын Сирия қақтығысына араласып, террористерді жоюға көмектесеміз деп әскерін кіргізген. Алайда Ресей Сирия режиміне көмектесіп келеді.

d989544a-08bc-4cc0-9887-039d1d160232_w987_r1_s-1

Загрузка...