Асқар Мырзахметов өз қызметінде қалды

27 просмотров

Асқар Мырзахметов ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ауылшаруашылығы министрі қызметінде қалды.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Асқар Мырзахметов «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған. 2009-2015 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. 2007-2009 жылдары «Оңтүстік» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Сонымен қатар, әр жылдары Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі болды, 2005-2006 жылдары ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарды.

2016 жылдың мамырында Асқар Мырзахметов Мемлекет басшысының бұйрығымен ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалған болатын.

Загрузка...