Асқар Мырзахметов ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

59 просмотров

ҚР Ауылшаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. Елбасының жарлығына сәйкес, ол енді қос лауазымды қатар алып жүретін болады.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Асқар Мырзахметов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрі қызметтеріне тағайындалды.

Бүгін Үкімет отырысында Кәрім Мәсімов Асқар Мырзахметовты жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына жеміс тіледі.

Загрузка...