Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта жеңді

185 просмотров

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты айыптау айтып, видео түсірген режиссер Талғат Жаныбековты сот кінәлі деп тауып, оған 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

2016 жылғы 11-12-шілде аралығында режиссер Талғат Жаныбеков ғаламтор желісінде Мәдениет және спорт министрлігінің құзыреттілігіне және аталған мекеме басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты бейнеролик жариялаған. Арыстанбек Мұхамедиұлы өз кезегінде Жаныбековты ҚР ҚК-ң 130-бабының 3-бөлігімен қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жеке айыптау тәртібімен сотқа жүгінген.

«Сот Жаныбековтың БАҚ арқылы жариялаған ақпараттың ақиқат болып табылмайтынын, Арыстанбек Мұхамедиұлы абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiргенін, оның беделiн түсiретiн көпе- көрiнеу жалған мәлiмет екенін анықтады. 2016 жылғы 25-қазанда Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты Жаныбековты кінәлі деп таныды және оған 500 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды»,-деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Загрузка...