Қарымта қайтарамын деп сотты болған жезқазғандық полиция қызметкері босатылатын болды

36 просмотров

„Қызмет бабын асыра пайдаланды„ деп айыпталған жезқазғандық полиция қызметкері Төлеген Игібеков бүгін, 7-маусымда бостандыққа шығады. Қарағанды облыстық сотының аппеляциялық қазылар алқасы отырысында судья Әлімбеков бес жылға бас бостандығынан айырылған экс-полицейдің мерзімін шартты жазаға ауыстырды деп хабарлайды baq.kz .

Бұл оқиға 2015 жылдың желтоқсанында Жезқазғанда болғанын айта кетелік. Арнайы сараптамадан өтер кезде, көлік жүргізушісі қолындағы ыдыстағы толы зәрді полиция қызметкерінің үстіне шашып жібереді. Ол қарымта жауап ретінде жүргізушіні шапалақпен тартып жібереді.

Жүргізуші өзін шапалақпен тартқан полция қызметкерінің үстінен шағымданып, ақыры ол темір тордан бір-ақ шыққан еді. Оған Жезқазған қаласының соты 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кескен.

—   Жезқазған қалалық соты үкімін сараптай отырып, соттан ол үкімді өзгертіп, сотталушы Төлеген Игібековтың жазасын жеңілдетіп, 5 жыл шартты түрде жаза тағайындауды сұраймыз. Өйткені Игібеков отбасының жалғыз асыраушысы, осыған дейін сотталған емес, жұмыс орыны да оған жақсы мінездеме беріп отыр. Ал әйелі жақында ғана босанды, — деді бүгінгі соттың аппеляциялық отырысында облыстық прокуратура басқармасының прокуроры Саян Аққожин.

Соттағы сөз талқыларынан соң судья Мұсабек Әлімбеков жазаны жеңілдететін үкімін жария етті.

— Қылмыстық кодекстің 63-бабына сүйене отырып, қазылар алқасы алдында жарияланған үкімді өзгертіп, 5 жыл шартты түрде жаза тағайындалады, — деді ол.

Загрузка...