Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қарулардың сан ғасырлық даму тарихы туралы ролик түсірілді

309

20160530120957

Роликте садақ және  Түрік қағанаты мен Қазақ хандығының жебелері, білте мылтығы, соққы-шақпақтас құлпы бар мылтық, капсюльді тетігі бар мылтық, ХХ ғасырдың басы мен бірінші жартысының қаруы, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қару, әйгілі Калашников автоматы мен оның модификациялары, ХХ ғасырдың өзге де қаруы  көрсетілген. Қазіргі уақыттағы қару ретінде роликте Қазақстан Қарулы Күштері арнайы бөлімшелерінің жарақтандыруында тұрған заманауи винтовка көрсетілген. Осылайша, 2 минут ішінде көрермен назарына еліміздің тарихының әртүрлі кезеңдерінде, яғни, Қазақ хандығының құрылғанға дейінгі кезең, Қазақ хандығы, КСРО, тәуелсіз Қазақстан құрамында  қолданылған қарудың түрлері ұсынылады.

20160530121002

Бүгінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қолданылып жүрген қару-жарақты 2-5 маусым аралығында Астанадағы ҚР ҚК-нің авиациялық базасында өтетін IV халықаралық «KADEX» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінде ниет білдірген барша қауым тамашалай алатынын айта кетейік.

20160530121019

20160530121030

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз