Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың Фейсбуктегі аккаунты.
Кездесу кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Елбасыға Ақтөбе облысында жүргізілген лаңкестікке қарсы операциялардың кезең-кезеңдік нәтижелерін баяндады.
Елбасы Ақтөбе облысындағы қанды оқиғаға қатысы барларды ұстауға барлық мүмкіндіктерді пайдалану керектігін айтты.
– Біз олардың сол аймақта екенін, кімдер екенін білеміз, халық бұл мәселе бойынша құлақтандырылған. Олардың бірін қалдырмай ұстау керек. Оқ жаудырып қарсы шықса, сол жерде көздерін жою керек. Олардың барлығы ең қатал жаза арқалауы керек, – деді президент.