Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Арменияда полиция бөлімшесін басып алғандармен келіссөз жалғасып жатыр (видео)

Полиция бөлімшесіне шабуыл жасағандармен келіссөз жүргізген Армения Республикасының полиция бастығының орынбасары Унан Погосян олардың талабын орындау мүмкін еместігін мәлімдеді.

– Олардың талабы – біреу-ақ. Жирайр Сефилянды босатыңдар деп жатыр, – дейді ол.

Алдында „Құрылтайшы парламент„ және „Жаңа Армения„ оппозициялық қозғалыстарының көзбасшысы Сефилян қару-жарақ тасымалдап, оны сақтағандардың үстінен қозғалған іске байланысты 20-маусымда ұсталған болатын. Тергеу кезінде оның өз жақтастарымен Ереванның бірнеше ғимаратын басып алуды жоспарлағаны анықталған.

17-шілдеде, яғни демалыс күні  бір топ қарулы адам Арменияның патрульдік-күзет қызметі полкіне шабуыл жасап, басып алған. Шабуыл кезінде полиция полковнигі Артур Ваноян көз жұмды, тағы үш полиция қызметкері жараланды. Бірнеше полиция қызметкері кепілге алынған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз