Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
11
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Армандапсың, Жирик! Алжыған шал КСРО-ны қайта тірілткісі келеді

a0126e148bb5cdf4e01cf13a792336f9Жириновский, сенің арманың өзіңмен бірге өледі. Орындалмаған күйі…

Осы 25 жылда бір кезгі “қызыл империяның” боданы болған мемлекеттерде тәуелсіз буын өсіп шықты. Тәуелсіздік құрдастары ер жетті қазір.

Олар сенің сөзіңе көніп, айтқаныңа жүреді дейсің бе?! Жоқ, әрине. Айттық қой, сенің арманың өзіңмен бірге өледі. Көр де тұр, дәл солай болады.

Сенің образыңның өзі Ресейге ұқсас. Әлі де болса, өткенді аңсайтын, өлген империяның жұртында қалған жалғыз ел ол – Ресей.

Айтпақшы, сенің әлеуметтік желіде отыратыныңды естідік. Твиттерге тіркеліпсің. Тағы да күлкілі. Сен осы Твиттердің кімге тиесілі екенін білесің бе? АҚШ-қа. Иә, Жирик, сен иттің етінен жек көретін Америкаға тиесілі. Бұл қалай сонда? Жауыз Американың барлық өнімінен бас тартуға шақырған мына сен емес пе едің? Бұл қалай болғаны?

Сенің Твиттеріңді тінтіп шықтық. Тағы да таптаурын тақырыптарды езіпсің. Украиндарды сөгіпсің, АҚШ-ты  да айыптапсың.

Оны да қойшы.

Мына бір жазбаңды оқып ішек-сілеміз қатты.

– Қажет деп тапсақ, КСРО-ны қайта құруға болады. Ресей, Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Түркменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия және Украинаның басын біріктіре аламыз, – дейсің сен.

Жазбаңның жалғасын оқып, одан әрі күлдік.

– Бұл одақтың қатарына Түркия, Иран, Сирия және Иракты қосуға болады, – депсің.

Жирик, сен білесің бе?

Ресей Украинадан әлдеқашан айырылып қалған. Киев енді Кремльге пысқырмайды да.

Бұл қатарға Молдавияны, Өзбекстанды, Грузия және Әзірбайжанды да қосуға болады.

Сайып келгенде, сенің сөзің тағы да утопия болып қалмақ. Бұдан басқа ештеңе емес.

КСРО-ны қайта құрғың келе ме? Армандапсың, Жирик!

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз