Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Арктикадағы мұз еруі рекордты көрсеткішке жетті

358

Уолт Мейер, АҚШ әуе-ғарыш агенттігінің маманы:

– Арктикадағы теңіз мұзы полюс үшін қалпақ секілді. Түсі ақ болғандықтан, оған, әсіресе жаз маусымында күн сәулелерінің көбісі шағылады. Осылайша, бұл қалпақ ғаламдық ауа райы жүйесінде тоңазытқыш қызметін атқарады. Ал соңғы жылдары мұз тез ери бастады.

Ғалымдардың айтуынша, әлемнің өзге бөліктерімен салыстырғанда Арктика аймағында жылу процесі артты. Бұл ауа -райына тікелей әсер етеді.

Уолт Мейер, АҚШ әуе-ғарыш агенттігінің маманы:

– Арктика жылығанда, солтүстік пен оңтүстік ендіктер арасындағы климат тепе-теңдігі өзгереді, ал бұл өз кезегінде ауа райына әсер етеді.

Бүгінде осының салдарын байқауға болады, мәселен теңіз ағыстарының бағыты өзгеріп жүр. Әдетте олар шығыстан батысқа бағытталған, бірақ қазір солтүстік пен оңтүстікке ұзарып, ілмекті сипатқа ие болды. Бұл қуаңшылық, муссон жаңбырлары мен су тасқындарына себеп болып жүр. 2018 жылы АҚШ әуе- ғарыш агенттігі ICESat 2метеорологиялық спутнигін орбитаға ұшыруды көздеп отыр. Жер серігі Арктика аймағын бақылап, ғалымдарды толығырақ мәліметпен қамтамасыз етеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз