Аристотелдің қабірі Грекия жерінен табылды

23 просмотров

Мәліметтер бойынша, зират Халкидики түбегіндегі көне қала Стагир аумағында жатқан көрінеді. Әйгілі философтың жатқан жерін алғаш болып Костас Сисманидис есімді грек археологі анықтаған. Бұл туралы ол «Аристотель – 2400» атты конференцияда мәлімдеді деп хабарлайды egemen.kz.

Қазба жұмыстары 1996 жылы басталған. Содан күні бүгінге дейін табылған жәдігерлер Аристотельге тиесілі болуы мүмкін деген болжам ғана жасалып келген. Ал Костас Сисманидис жиын барысында қабірдің грек философына тиесілі екенін дәлелдейтін айғақтар тапқанын айтты.

– Біз Аристотельдің қабірін анықтадық. Сонымен қатар, қазба жұмыстары кезінде көне дереккөздерде айтылатын қабір мен құрбан шалатын орынды (алтарь) және адамдар жиналатын орынға жақын жерде жатқан табытқа апаратын жолды таптық», – деді Костас Сисмандис.

Оның айтуынша, зират Стагир қаласының солтүстігіндегі биіктеу жотаның қасында орналасқан.

Айтпақшы, Аристотель біздің дәуірімізге дейінгі 384 жылы дәл осы қалада дүниеге келген. Тарихта ол Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның ақылшысы, «бірінші ұстазы» деген атпен қалған. Формальды логиканың негізін қалаушы, философияның жан-жақты жүйесін қалыптастырушы әрі өз заманының дара данышпаны болған.

Загрузка...