Қаралы қауым Болат Сыздықовпен 10 мамырда қоштасады

66 просмотров

Болат Сыздықов 10 мамырда Алматыда жерленеді. Марқұммен қоштасу рәсімі 10 мамырда сағат 11:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өтеді. Бұл туралы әлеуметтік желіде айтылады.

pogudxgatbl69tdk8.d22a858bpogudxgatbl69tdk8.d22a858b (1) a22f5910bebf3425fdc9918663ecd5d6

Алдында өткен түнде белгілі өнер өкілі Болат Сыздықовтың дүниеден озғанын хабарлаған болатынбыз.

Қазақстандық гитарист, композитор және “Мюзикола” тобының әрлеушісі, “А Студио” тобының бұрынғы мүшесі Болат Сыздықов 1956 жылы 21 маусымда Қарағандыда өмірге келген. Ол бала кезінен музыкамен айналысып, Александр Мажелянның ұстаздығымен джаз гитарасынан білім алып шыққан. Ол 16 жасында Қарағанды филормониясына қабылданып, “Гәкку” ансамблімен де бірге өнер көрсеткен.

1976 жылы ол Алматыға келіп “Гүлдер” ансамбілінде, “Арай” тобының құрамында еңбек етіп, Роза Рымбаевамен де бірге жұмыстар атқарды. 1992 жылдан бастап Карина Абдуллинамен бірге “Мюзикола” дуэтін құрып, елге танылды.

Ол 2012 жылы 5 желтоқсанда ел президентінің жарлығымен “Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері” атағын алған.

Музыкант әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы уақытта ауыр сырқатпен күресіп жүргені жайлы жазған еді.

Загрузка...