«Қара шекпен» Түркиядан жеңіспен оралды

72 просмотров

Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 20-30 сәуір аралығында Түркияның Конья қаласында өткен «Мың тыныс – бір дауыс» атты түркітілдес театрлардың 9-шы халықаралық фестиваліне қатысып, «Ең үздік спектакль» жүлдесін жеңіп алды.

КШ1

Фестивальге Түркияның бес театрынан бөлек, әлемнің түкпір-түкпірінен келген мемлекеттер: Македония, Молдова, Әзірбайжан, Кипр, Грузия, Ирак, Иран, Болгария және т.б. он түрлі өнер ордалары сайысқа түсіп, бақ сынасты. Осымен тоғызыншы мәрте ұйымдастырылып отырған бұл фестивальге театр ұжымы Георгий Хугаевтың «Қара шекпен» қойылымын Коньяның орталығында орналасқан – Түрік ұлттық «Devlet» театрының сахнасында қойды. Қазақ көрермендерінің қошеметіне бөленіп жүрген спектакльдің қоюшы-режиссеры – Асхат Маемиров, қоюшы-суретшісі – Индира Ихсан, музыкамен көркемдеген – Динара Әбікеева, Болатбек Нұрқасымов, балетмейстері – Ринат Билібаев.

DSC_2216

Жалпы спектакль сюжеті – таудағы қойшының өмірі айналасында өрбиді. Қойшы мен оның төбеті Тұзар арасындағы қатынас – драманың негізгі өзегі болып өрілген. Таудан етекке көшкенде иесі ұмыт қалдырып кеткен шекпенін ол қайта оралып алып кетеді деген сеніммен көктемге дейін аштықтан бұратылып, өлер халге жеткенше күткен иттің адалдығы мен оның осы қылығын түсінбей сатқындық қылып атып тастаған иесінің әрекеті – шығарманың кульминациялық шешімі болған.

Адалдық пен арамдықтың, жақсылық пен жамандықтың бітіспес күресін кейіпкерлер арқылы көрерменіне шебер жеткізе алған режиссер Асхат Маемировтың бұл шығармаға үлкен дайындықпен келгені байқалады.

DSC_3850-1024x683

26 сәуір күні Түркияда қойылған «Қара шекпен» спектаклінде өз өнерлерін көрсеткен ұжымның актерлық құрамы: Данияр Базарқұлов, Жанар Мақашева, Ерлан Кәрібаев, Әсет Есжан, Еділ Рамазанов, Гүлбаһрам Байбосынова, Сәния Ерзат, Дархан Сүлейменов, Ербол Садырбаев, Ербол Ыдырысов, Гаухар Сағынғалиева, Толқын Нұрбекова, Қуаныш Тұрдалин, Гүлдана Ергешова, Мөлдір Қонысқызы, Динара Шымырбаева, Елдар Отарбаев болды. Тұтастай алғанда, қойылымды Түрік елінің жұртшылығы ыстық ықыласпен қабылдады.

Загрузка...