Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қарағанды оқушысы Менделеев олимпиадасында күміс жүлде алып, тегін грантқа ие болды

Аталған олимпиаданың күміс жүлдегері Мұрат Тиішқұл Бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсырмау құқығына ие болды. Сонымен қатар дарынды оқушы Қазақстанның кез келген жоғары оқу орнына грантпен түсе алады.

11-сынып оқушысы бұған дейін де түрлі облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарды еншілеген.

Мұрат Тиішқұл, қазақ-түрік лицей-интернатының оқушысы:

– Олимпиаданың қазылар алқасында Мәскеу мемлекеттік университетінің профессорлары болды. Жыл сайын берілетін тапсырмалар қиындап келеді. Бұл – химия пәнінен әлемдегі ең беделді де күрделі олимпиада. Мен болашағымды химиямен байналыстырмақпын. Өйткені осы пән көптеген ғылымға жол ашады. Мүмкін фармацевтика саласына, әлде мұғалімдікке бет бұратын шығармын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз