Қарағанды тұрғыны Сералы Налыбековтің маңдайын жарған шыны есік үшін дүкен компенсация төледі. Зардап шегушінің мәлімдеуінше, мекеме әкімдігі адам өміріне қауіп төндірген жағдай орын алғанын мойындаған.
Бұл туралы Today.kz хабарлайды.
«Әкімшілік автоматты түрде ашылатын шыны есіктің жұмыс істемей тұрғаны туралы тұтынушыларды ескертпегені туралы мойындады. Егер осындай хабарландыру тұратын болса, мен басымды барып есікке соқпас едім»,-дейді Сералы Налыбеков.
«Тұтынушы құқығын қорғау туралы» заңның он екінші бабында, адам денсаулығына зияны тиген қызмет немесе тауар сатып алған жағдайда, тұтынушы оған кеткен шығынды талап етуге құқылы делінген»,-дейді Сералы Налыбеков.
Естеріңізге салайық, Қарағанды тұрғыны супермаркеттердің бірінде жұмыс істемей тұрған шыны есікке барып соғылып, сынған есіктің шынысы оның маңдайын тіліп кетіп, өзі талып қалған болатын.