Қарағандыда өрт сөндірушілер үйлердің ауласында өртеніп кеткен көліктің ішінен төрт жастағы баланың күйіп кеткен денесін тауып алды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өкілдері.
Департаменттің баспасөз хатшысы Қуаныш Муталлаповтың ақпараты бойынша, жұма күні сағат 13:00-де көлікті өртенгені туралы хабар келіп түскен. Өртті сөндіруге өрт сөндірушілердің екі арнайы техникасы мен сегіз адам аттанған. Өртенген көлікке жеткеннен кейін, көлік ішінен 2012 жылы туылған баланың денесі табылыпты.