Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қарағандыда «Ninety one» тобын жақтаушылар мен даттаушылар екі топқа бөлінді

111

«Ninety one» тобы жайында қарағандылық жастардың пікірін сұрап білген едік.

«Кәрістерге қатты еліктейтіні көрініп тұрады. Шаштарын әртүрлі түске бояп алып, салақтаған киім кигендері де көзге оғаш көрінеді. Қазаққа жат нәрсе. Қазір мектеп оқушыларының осы топқа қатты еліктейтінін байқап жүрмін. Бозбалалар да осылайша ауы салақтаған немесе жыртық шалбар киіп жүреді. Бұлай жалғаса берсе балаларымыз құлақтарына сырға тағып, қасы-көзін бояйтын болатын шығар», – дейді Назира есімді қарағандылық тұрғын.

«Ninety one» тобының әндерін сүйіп тыңдаймын. Дауыстары әдемі. Халықтың бұл топтың өнеріне неге қарсы екенін түсінбеймін. Топтың стилі көпшіліктің көңілінен шықпауы мүмкін. Бірақ бұл олардың мүлдем таланты жоқ деген сөз емес қой», – деді Маржан есімді бойжеткен.

Қарағандылық жігіттер «Ninety one» десеңіз үрке қарайды екен.

«Мүлдем тыңдамаймыз, танымаймыз, танығымыз да келмейді», – деп ашуланды жігіттер.

Қарағандыда бүгін осы топтың концерті өтетіндігін айтқанымызда мұндай әншісымақтардың «өнеріне» арнайы уақыт арнап, қаржысын шығындайтындардың ісін түсінбейтіндіктерін айтты.

«Сырт келбеттері адам шошырлық. Мүмкін елге танылу үшін істейтін істері шығар. Бұл топқа жастардың еліктегені дұрыс емес. Жастарымыздың одан да Мейрамбек, Қайрат сияқты азаматтарға еліктегенін қалаймын», – деді Арнұр есімді бозбала.

Айнұр есімді бойжеткеннің айтуынша, топтағы жігіттердің қазақ бола тұра осылай киінуіне басты себеп танымалдылыққа ие болу.

«Ұялы телефоныма бір өлеңін жазып алғанмын. Анда-санда тыңдаймын. Бірақ бейнеклиптерін қарамаймын. Әлеуметтік желілердегі парақшаларына да жазылмағанмын. Жалпы, бұл топты көзбен көру зиян деп ойлаймын. Өздерімен өздері әуре болып жүрген топ қой. Қалай танымал болсақ, қалай жарнама жасасақ деп не істерлерін білмей жүр. Мүлдем көңіл аудармасақ, аздаған уақыттан соң құрып кетеді деп ойлаймын. Сондықтан да жарнама жасауға атсалыспай-ақ қояйық», – дейді Айнұр.

Цирк қызметкерлерінің айтуынша, «Ninety one» тобының концертіне билеттер сатылып жатыр. Билет сатып алушылардың басым көпшілігі мектеп жасындағы балалар. Осыған қарап, топтың оқушы жастар арасында үлкен қолдауға ие екендігін байқауға болады.

4fbcb0e8f536363f83020d415c1d5e64_resize_w_1140_h_696

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз