Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қарағандыда белгісіз кеселден екі адам көз жұмды

Ал екінші, қырық тоғыз жастағы азамат үш баланың әкесі. Дәрігерлер дәл осындай белгілердің Еркіндік ауылының тағы бес тұрғынынан анықталғанын айтады. Арасында он жастағы бала да бар дейді.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының төсегінде көз жұмған екі адамның мәйіті Қарағандыдан бес шақырым жердегі Жаңаөзен ауылындағы сараптама бөліміне жіберілді. Еліміздің Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстары ошағы болған аурудың диагнозы екі тәуліктен соң ғана белгілі болады.

Тамара Дүйсенова, Денсаулық сақтау және даму министрі:

– Ол енді “сибирская язва” ауруы ма, басқа ауру ма оны алдағы уақытта анықтайтын боламыз. Сондықтан қазір “сан-эпид служба” өзінің қажетті зерттеулерін жүргізіп жатыр. Содан кейін ұлттық экономика министрлігі өз мәлімдемесін жасайды,-деді.

Сібір жарасы мал және жабайы жануарлардан адамға тез тарайтын  аса қауіпті жұқпалы ауру. Қауіпті індет әсіресе маусым-қыркүйек айларында өрши түседі. Сібір жарасы малға оларды ауру қоздырғышымен ластанған жайылымдарға жайып баққанда, шөп, су арқылы тарайды.

Ал жүз елу түтіні бар Еркіндік ауылында жергілікті мамандар ірі қараларды тексеруге кірісті. Бірақ, әзірге, елдімекенде карантин жарияланбапты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз