Қарағандыда 13 жастағы қыз өз ағасынан жүкті болып қалған

118 просмотров

Қарағандыда 13 жасар қарындасын зорлады деп айыпталған 17 жасар жігіттің әкесі ұлын жақтауда. Оның айтуынша, кәмелетке толмғандар арасындағы сексуалдық қатынас екі жақты келісіммен болған, ал полицияға қыздың атасы мен әжесі хабарлаған, деп жазады Today.kz.

«Менің 17 жасар ұлым және 13 жасар туыс қарындасы әжесінің үйінде қонған. Олар бірге өскен және әжесінікінде жиі болатын. Ол күні олар диванда жатып теледидар көрген. Екеу ара қатынас та сол кезде болған. Барлығы екі жақты келісіммен болған», — дейді айыпталушының әкесі.

Айыптаушы жақтың пайымдауынша ағасы мен қарындасының арасында мұндай  қатынас ұзақ болған және осының нәтижесінде қыз бала жүкті болып қалған. Ал мұны қыздың ата-анасы жүктіліктің жетінші айында ғана білген.

«Алдымен біз туыстар арасында баланы бірге өсіреміз деп келістік. Олар келіскен. Бірақ, болған жайтты қыздың анасы жағынан атасы мен әжесі білген. Кейін олар менің ұлымды қылмыстық жазаға тарту бойынша құқық қорғау органдарына арыз жазуға бастама көтерген. Жақындық болды, алайда, екі жақты келісіммен. Ал менің ұлымды зорлады деп айыптауда», — дейді ер адам.

Іс бойынша зардап шегуші ретінде өтетін 13 жастағы жасөспірім дүниеге қыз баланы әкелген. Баланың дені сау болып туған.

Загрузка...