Қарағанды облысында қыстақта күштеп ұсталған бірнеше адам босатылды

393 просмотров

Алайда олар құзырлы органға арызданудан бас тартты.

Бұл туралы Қарағанды облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қарағанды облысының ішкі істер депаратментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері күшімен адамды заңсыз түрде бостандығынан айыру қылмысы ашылды.

Биыл 11-шілдеде Қарағанды қаласының 50 жастағы тұрғыны оның 52 жастағы ағасын біреулер заңсыз күштеп ұстап отырғандығын айтып, полиция бөлімшесіне арызданды.  Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Жаңаарқа ауданында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері жәбірленушінің қайда екенін анықтады. Ол өткен жылдың 15 мамырынан бастап таудағы қыстақта өз еркінен тыс ұсталған болып шықты. Оған қой баққызып қойған.

Сондай-ақ тексеріп-тергеу кезінде ол қыстақтан қойшыны күштеп ұстағанына куәлік еткен үш ер азамат пен бір әйелдің де ол арада өз еркінен тыс жүргені анықталды. Бірақ олар өздеріне қатысты заңсыздық бойынша шағымданудан бас тартты.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне «Пайдалану мақсатында адамның бостандығын заңсыз айыру» туралы ҚР Қылмыстық кодекстің 126-бабының 3-бөлімінің 2-тармағына сәйкес тіркелді.  Тергеу жүргізіліп жатыр.

Загрузка...