Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қарағанды облысында ұсталған сәләфилерді ағайынды жігіттер басқарған

„ Ағалы-інілі бір туған жігіттер мен оның ағайын туысы ҚР қылмыстық кодексінің 257-бабының 1-тармақшасына, яғни „Лаңкестік топты құрып, оған жетекшілік ету және оның қызметіне қатысу„ туралы бапқа сәйкес, лаңкестік топ құрып, оны басқарған деген күдікке алынды.

Ағайынды жігіттердің бірі көшбасшы болған. Құрықталған алтау да „Алдын ала уағдаласа отырып, бір топ тұлғаның қаруды, қару-жарақты, жарылғыш заттарды заңсыз ұстау және оларды алу, тасымалдау, жеткізу, өткізу, сақтау туралы„ яғни 287-баптың 5-тармағына сәйкес, тергеу амалдарынан өтіп жатыр„ дейді Балқаш қалалық сотындағылар.

Ал олардың Балқаш қаласы маңындағы ресейлік әскери бөлімге шабуыл жасауды жоспарлады деген мәліметті РИА Новости ресейлік агенттігі хабарлайды.

Сенімді дерек көзінің мәлімдеуінше, аталмыш радикалды топ ресейлік әскери бөлімге шабуыл жасауды көздеген. Шабуыл жасалғаннан кейін олар Сирияға кетуді де жоспарлапты.

Әзірге, бұл дерекке қатысты Ресей немесе Қазақстан тарапынан ресми растау жасалмады. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер аталған ақпаратқа қатысты пікір білдіруді кейінге шегеруде.

Балқаштағы радиотехникалық торап ресейлік зымыран шабуылдарын ескерту жүйесінің бөлігі болып саналады. Қарағанды облысы аумағында орналасқан бұл орталық баллистикалық зымырандарды ұшыру кезінде немесе ғарыш нысандарын қадағалау сәтінде ғарыш кеңістігінде үздіксіз барлау жүргізумен айналысады.

Балқаш торабын пайдалану туралы Қазақстанмен келісім өткен жылдың қараша айында ратификацияланған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз