Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қарағанды облысында сібір жарасына байланысты дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы ҚР ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

– Аталған іс бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Алғашқысы – ҚР Қылмыстық кодекстің 327-бабы бойынша «Ветеринарлық ережелерді немесе аурулармен және өсімдік зиянкестерімен күресу үшін белгіленген ережелерді бұзу» және ҚР Қылмыстық кодекстің 317-бабы – №1 қалалық аурухананың, облыстық тері-венерологиялық диспансердің және облыстық медициналық орталықтың медициналық қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін орындау фактісі бойынша қозғалып отыр, – деп мәлім етті ҚР ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин.

Сібір жарасының таралуы бойынша қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеумен Қарағанды облысының ішкі істер департаменті айналысып жатыр.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдегендей, тәуелсіз комиссия қарағандылық ақ халаттылардың жұмысын 15 күн тексермек. Осы уақытта олар сібір жарасын жұқтырған науқас ауруханаға келген кезде дер кезінде көмек көрсетпеген дәрігерлердің әрекетін саралайтын болады.

– Тәуелсіз комиссия алдымен Қарағанды ауруханаларының жұмысымен танысады, тағы бір топ Шет аудандық ауруханасына аттанды. Сарапшылар тіркеу журналдарымен, барлық ауру тарихымен танысады. Ауруларды кім, қашан қабылдады, қандай диагноз қойып, оларға қандай дәрі-дәрмек тағайындалғанын тексереді.

Қазір мамандар осының бәрімен танысуда. Оларға 15 күн уақыт берілді. Егер үлгермейтін болса, уақытты ұзартамыз, алайда осы кезең ішінде үлгереді деп ойлаймын, – деді Тамара Дүйсенова.

Министр Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы комиссия жұмысына қатыспайтынын атап айтты. Комиссия құрамына денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметтердің сапасын тексеру комитетінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар еніп отыр.

Оның айтуынша, қайтыс болған адамдардың туыстары айтқан фактілер расталатын болса, онда дәрігерлер заң алдында жауап беретін болады.

«Комиссия құрамына медициналық және фармацевтикалық қызметтердің сапасын тексеру комитеті басшысының орынбасары, медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелерін бақылайтын басқарманың басшысы, үш тәуелсіз сарапшы енді. Оларға 15 күн уақыт бердік. Егер үлгермесе, уақытты ұзартамыз», – деп жауап берді журналистердің сұрағына.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз