Қарағанды облысында жаңа туған сәбиді аузын дәретхана қағазымен тығындап, қоқыс жәшігіне тастап кеткен. Шақалақты сол қоқыс жәшігі маңынан өтіп бара жатқан жергілікті тұрғын тауып алды.
Людмила Экзархова бұл жайт туралы Facebook желісіндегі жеке парақшасында былай деп жазады:
«Жолда келе жатқанда бір жерден мысықтың дауысы шыққандай болды, біреу мияулап тұрған сияқты. Тәтем бірден қасымыздағы контейнерге бұрылып, ішін ақтара бастады. Қозғалып жатқан пакет бірден көзімізге түсті. Оны ашып қарасақ, ішінде – нәресте. Шақалақтың аузын дәретхана қағазымен тығындап тастапты. Біз оны алып тастадық. Нәресте шыр ете қалды. Сосын тәтем баланы өз күртесіне орап, алып кетті».