Қарағанды облысында көлікпен бірге 4 жасар бала өртеніп кетті

397 просмотров

4 жасар бала өртенген көлік ішінде қалып кеткен.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

2-қыркүйекте облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сағат 13.00-де Volkswagen Transporter көлігі өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқыс оқиға орнына жеткен өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметінің мамандары өртті сөндіріп, көліктен 4 жасар баланың мәйітін алып шыққан.

«Оқиға орнында құтқарушылар 2012 жылы туған баланың мәйітін тапты», — дейді төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Қуаныш Муталлапов.

Өрт 20 минутта сөндірілген. Қазір өрттің неден басталғаны анықталып жатыр.

Загрузка...