Қарағанды облысында күйдіргі дертін жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түскен үш адамның бірінде осы кеселдің бары расталды. Сараптама аурудың сол күні сойылған малдан жұққанын да анықтаған.
Бұл туралы КТК хабарлайды.
Естеріңізге салсақ, өткен аптада қорасындағы бұқасын сойып етке өткізген ерлі-зайыптылар ауруханаға түскен еді. Кейін ауру белгілері сол малдың етін мүшелеген бір жігіттен де байқалып, дәрігерлердің бақылауына алынған. Арнайы сараптамадан кейін күйдіргі дертін тек малдың иесі, яғни отағасы ғана жұқтырғаны анықталды.