Қарағанды облысында биыл 162 шақырымнан астам автожол жөнделеді

9 просмотров

Қарағанды облысында ағымдағы жылы ұзындығы шамамен 162 шақырым республикалық автожолдар және Құлса өзені арқылы өтетін көпір жөнделеді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.

Қазіргі кезде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалы жалпы ұзындығы 64 шақырым болатын республикалық жолдардың бірқатар учаскелерінде және көктемдегі су тасқынынан зардап шеккен екі су өткізетін құбырларда жөндеу жұмыстарын аяқтады. «2016 жылдың соңына дейін тағы 98 шақырым автожолдарды жөндеу, оның ішінде 91 шақырым республикалық маңызы бар автожолдарды пайдалануға беру жоспарланған», — деп нақтылады ведомствода.

Орташа жөндеу жұмыстары Қарағанды-Аягөз-Бұғаз, Астана-Рождественка-Киевка-Теміртау және Қызылорда-Павлодар-РФ шекарасы автожол учаскелерінде аяқталған. 2015 жылғы су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды-Аягөз-Бұғаз автожолындағы Құлса өзені арқылы өтетін көпірге күрделі жөндеу жүргізілді.

Жөндеуден кейін көпірдің жүретін жолы кеңейтілді, ал көпірдің ұзындығы 3 есе ұлғайтылды, ол көпірдің жүк көтергіштік қабілетін арттырды. Қазіргі кезде көпір автокөлік қозғалысы үшін ашық.

Жөндеу жұмыстары, компания өкілдерінің айтуынша, айтылған учаскелердегі көлік пайдалану көрсеткіштерін жақсарту мақсатында жүргізіледі және жол қозғалысына қатысушылардың жайлылық және қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді, деп жазады ҚазАқпарат.

Загрузка...