Қарағанды облысында Қазақмыс кен орнында кенші оқыстан қаза тапты

20 просмотров

Қарағанды облысы Жезқазған қаласында «Қазақмыс корпорациясы «Жомарт» ЖШС» кенішінде 42 жастағы кенші қаза тапты.

Бұл туралы аталған компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлайды.

«Жезқазғандағы «Жомарт» кен орнында ұңғымаға жиналған балшық пен суды тартып шығару кезінде желдеткіш діңгектердің бірінен 42 жастағы кеншінің денесі табылған. Мамандардың айтуынша, жұмысшы диаметрі 4 метрге жуық желдетпе шурфтан күтпеген жерде су келіп қалып, оқыс жағдайға душар болған», — делінген хабарламада.

Компания ақпараты бойынша, кенші бұйрық бойынша өз жұмысын орындаған.

Оқиғаның мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтайтын болады.

Загрузка...