Қарағандыда облыс әкімдігінің басқарма басшысы парамен ұсталды

58 просмотров

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының Қарағанды облысындағы департаменті облыстық экология басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанбабаевты парамен ұстады.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

Шенеунік өзінің қол астындағы мемлекеттік экологиялық инспектордың қолынан 100 мың теңге пара алып жатқан кезде ұсталды. Бұл ақшаны экологиялық заңнаманы бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін «Ырыс» ЖШС басшысы берген болып шықты.

Қазіргі уақытта Д. Жанбабаев Қарағанды қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Загрузка...