Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
20
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Қарағандыға Головкинмен бірге шетелдік телеарнаның тілшілері келді

Боксшының ресми өкілі Олег Германның айтуынша, Головкин Қазақстанда жеке шаруамен жүрсе, НВО телеарнасы оның Отанына бағдарлама түсіру үшін келген. Көрсетілім Головкиннің алдағы болатын жекпе-жегіне арналатын көрінеді.

– Қазір біз Астанаға қайтамыз. Геннадийдің енді қашан келетінін дөп басып айта алмаймын. Шаруа көп, Англияға ұшуымыз керек. Геннадий содан кейін қайтып келуі мүмкін. Әзірге баспасөз өкілдерімен кездесу бағдарламамызда жоқ. Қазір біздің уақытымыз тығыз. Келесі жолы Қазақстанға қараша-желтоқсан айларында келуіміз мүмкін. Міне, сол кезде Геннадий баспасөз өкілдерімен міндетті түрде кездесетін болады, – деді Олег Герман.

Сауль Альварес орта салмақта WBC титулынан бас тартқаннан кейін, Головкин кәсіпқой бокстағы ең атақты спортшы атанғанын айта кетелік. Енді оған бір ғана атақты жеңіп алу керек: ол – британиялық Билли Джо Сондерске тиесілі WBO титулы.

Головкин өзінің келесі жекпе-жегін қыркүйек айында өткізуді жоспарлаған. Бірақ оның қарсыласы, әзірге белгісіз.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз