Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Араққа тойып, елірген әке кішкентай ұлын өлтіріп, қызының бұғанасын сындырды

102

Қайғылы оқиға аудан орталығынан 120 шақырым жердегі жайлауда отырған малшының үйінде болған. Үйіне удай мас болып оралған еркек әйелі мен төрт баласын шырқ үйіріп, сабай бастаған. Үлкен балалары шешесімен далаға қашып, адуынды әкенің тоқпағынан сытылып шыққан.

Ал бұл кезде 3 және 5 жастағы бүлдіршіндер үйде қалың ұйқыда жатқан. Үлкендері қашып кеткен соң өшін кімнен аларын білмей, аласұрған отағасы шырт ұйқыдағы балаларына қол салған. Ұлын өлімші етіп сабағаны соншалық, түрлі ауыр жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілген балақан 10 күннен соң көз жұмған. Ал кішкентай қыздың иығының бұғанасы сынған.

Қазір ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір ол уақытша ұстау абақтысына қамалған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз