Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Апта басынан күш алған доллар бүгін арзандады

ҚР Ұлттық банктің 17-мамырға бекіткен 1 АҚШ долларының теңгеге шаққандағы құны – 337,96 теңге. Ал кешегі ресми бағам 338,75 теңгені құраған болатын. Осылайша доллардың ресми бағасы бір күнде 1 теңгеге арзандады.

Kurs.kz сайтындағы деректерге сүйенсек, Алматыдағы ақша айырбас орындарында бүгін 1 АҚШ доллары 337-338,5 теңге аралығында сатып алынып, 339-341 теңге аралығында сатылып жатыр. Ал кеше ақша айырбастау орындарында америкалық валюта 333-337 теңге аралығында сатып алынып, 338-339 теңге аралығында сатылғанын еске сала кетелік. Демек, бейресми баға ресми бағамен салыстырғанда, керісінше, қымбаттаған.

ҚР Ұлттық банктің 17-маусымға бекіткен шетелдік валюталар бағамы мынадай: 1 евро —379,66 теңге, ресей рублі — 5,13 теңге, 1 фунт стерлингі — 478,65 теңге, жапон йені— 3,24 теңге, 1 қытай юаньы — 51,33 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,98 теңге, 100 өзбек сумы— 11,54 теңге болды.

АҚШ долларына қатысты ресми бағам Қазақстан қор биржасындағы 16-маусымдағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 337,96 теңге деңгейінде нақтыланды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз