Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қапшағай әкімінің дөрекі қылығын Тәртіптік кеңес қарайтын болды

Жас жігіт әкімге маған „сен„ деп сөйлеме деп ескерту жасайды. Бірақ ол тағы да сөздің астында қалады.

„Сен кімсің маған, туысымсың ба, әлде құрдасымсың ба, өзің қайда отырсың, а?„ деп сөгеді қала тұрғынын әкім.

Әкімнің немере қарындасымын деп таныстырған Фатима Жандосова Facebook-тегі жазбасында өзінің туысының журналистке немесе блогерге „сен„ деп дауыс көтеріп, мінез танытқан ағасының қылығы үшін ұялатынын жазыпты. Алайда өзінің ағасының болмысы баяғыдан осындай екенін айтқан ол көпшіліктен мұны дұрыс түсінуге шақырады.

Облыс әкімдігіндегілер бұл жағдайға қатысты тиісті шара қабылданатындығын айтты.

„Қиқымовтың әдепсіз қылығы бақылауға алынды. Қызметтік этика нормаларын өрескел бұзған Қапшағай қаласының әкімі Сәтжан Қиқымовтың ісі Елбасының жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметкердің тәртібіне қойылатын 25 ережеге сәйкес, Алматы облысының этика жөніндегі кеңесіне қарауға берілді. Кеңес қорытындысы жөнінде қосымша хабарланатын болады„ делінеді алдын ала таратылған хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз