Қапшағайдың дөрекі әкімі ақыры жұмыстан шығатын болыпты (видео)

171 просмотров

Алматы облысының этика жөніндегі кеңесі Қапшағай қаласының әкімі Сәтжан Қиқымовтың әдепсіз әрекетін келесі отырыста қарастырады.

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Айта кетейік, бұған дейін ақпарат құралдарында Қапшағай әкімінің қатысуымен жарияланған бейнероликтен кейін шенеунік өз еркімен жұмыстан шығу туралы өтініш жазды деп жарияланды.+

Видеода көрсетілген жағдай 2015 жылы болған. Бірақ, автор оны желіге бір жыл өткен соң жариялайды. Жасырын камерамен түсірген адам қала басшысын халықпен дөрекі сөйлесті деп айыптаған. Ролик интернет қолданушылар арасында қызу талқыланып, бұл тақырыпқа әзілдер де шығарылды.

Видео жарияланғаннан кейін бір ай өткен соң, С.Қиқымов «өз еркіммен жұмыстан шығамын» деп өтініш жазған.

«Этика жөніндегі кеңес әкімнің әрекетін қарастыруды 23 қыркүйекке жоспарлаған. Бірақ, ол келесі отырысқа ауыстырылды», — дейді Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы облысы бойынша департаментінің өкілі Арсен Жақыпов.

satzhan-kikimov-e1473060509291

 

Загрузка...