Қапшағай қаласында заңсыз ойын бизнесінің жұмысы тоқтатылды

34 просмотров
Алматы облысы МКД Экономикалық тергеу қызметінің жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде Қапшағай қаласында заңсыз жұмыс істеп келген ойын залы анықталды.

Тексеріс барысында көлеңкелі айналымнан 17 ойын автоматтары және американдық рулетка тәркіленген болатын.

ҚР Ойын бизнесі туралы заңда Қапшағай су қоймсының жағалауында ойын залдары мен ойынханалар орналастыру деп нақты көрсетілген, алайда аталған заңсыз ойын залы Қапшағай қаласының ішінде, қандай да бір рұқсат қағазсыз жұмыс істеп келген.

Аталған айғақ бойынша ҚР ҚК 307 яғни «заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

14163837_10154566275383120_1490554935_o

Загрузка...