Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Антропологтар Кейкі батырдың бет-бейнесін желтоқсанға дейін жасап шықпақ

13-қазанда Будапештке Кейкі батырдың бассүйегі жеткізілді. Музейдегілердің айтуынша, мамандар батырдың бассүйегінің бет-бейнесін құрастыру үшін оны үш өлшемді компьютерлік томографияға түсіреді. Ол бассүйекті толықтай зерттеуге көмектеседі. Ал жалпы бейнені қалпына келтіру жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын мамандар 18-қазанда Будапеште өтетін баспасөз конференциясында айтып беруге уәде берді.

Венгриядағы ғалымдар бассүйекке тиген зақымдарды анықтап, ДНҚ сараптамаларын жүргізеді. Жалпы антропологиялық сараптаманы Андраш Жолт Биро мен Шандор Евингер жүргізеді. Ал Кейкі батырдың бет-бейнесін қалпына келтіру жұмыстарымен Агнеш Куштар айналысады.

Венгр антропологтары 2006 жылдан бері Қазақстандағы Орталық мемлекеттік музеймен біріге отырып, антропологиялық және генетикалық зерттеулер жүргізіп келеді.

Айта кетейік, Венгрияның антропологтары Кейкі батырдың бет бейнесін қалпына келтіру жұмыстарын 2016 жылдың желтоқсанына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

“Үш өлшемді модельді суретке түсіріп, ДНҚ сараптамаларының үлгілерін алған соң, Кейкі батырдың бассүйегі Қазақстанға қайтарылады. Сосын ресми түрде өтетін салтанатты кеште батырдың бассүйегі оның туған жері Торғай ауданындағы жер қойнына тапсырылады. Сондай-ақ, онда батырға арналған тарихи ескерткіш орнатылады”, – деп хабарлады музейдегі мамандар.

Еске салайық, биыл 12 тамызда Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Кәрім Мәсімов РФ Үкімет төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесуі барысында өткен жүз жылдықтағы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы Кейкі батырдың мүрдесін елге қайтару туралы мәселені көтерген еді. Содан 6-қазанда Кейкі батырдың бассүйегі Астанаға жеткізілген болатын.

Ал кейінірек Орталық мемлекеттік музейдің директоры Нұрсан Әлімбай 12 қазан күні Кейкі батырдың бассүйегіантропологиялық сараптама үшін Венгрияға жеткізілетінін мәлімдеді. Музей басшысы құнды жәдігерді арнайы контейнерде алып барды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз