Түркия астанасы Анкарада аяқ астынан толассыз жаңбыр жауып, соңы тасқынға ұласты.
Көшелерді су басып, көлік қозғалысы тоқтап қалды деп хабарлады 24.kz.
Табиғи апат салдарынан жүруге жарамсыз болып қалған көліктер бар. Кейбір жүргізушілер есікті аша алмай, сыртқа терезедан шыққан. Олар апатты жағдайда жедел қызмет көрсететін мекеме мамандарын сағаттап күткендерін айтады.
Куәгерлердің айтуынша, жаңбыр 2 сағат бойына толассыз құйған.
Тайфун Саалам, көлік жүргізушісі:
– Жерасты жолына кіргеніміз сол еді, су деңгейі күрт көтеріліп, 10 сантиметрге дейін жетті. Су көліктің ішін алып кетті. Қасымызда шиеттей балалар да бар еді. Кейбір адамдар суға малшынып, әуреге түсті.