Анкарада ресми биліктен тыс билік етушілер болғаны мәлімделді

60 просмотров

Сирияға бағыт алған ресейлік әскери ұшақты атып түсірген ұшқыш та Түркиядағы әскери төңкерісті жасауға қатысқан. Ол Ресеймен арадағы қарым-қатынасты бұзып, Түркияны әлем саясатынан оқшаулауға тырысқан «қосалқы мемлекеттің» мүшесі.

Бұл туралы Анкара мэрі Мелих Гекчек мәлім етті. Оның айтуынша, ол Фетхуллах Гүл құрған ұйымға мүше адам, қазіргі уақытта АҚШ-та тұрады.

Анкара басшысы бұл ұйымды Ресеймен арадағы қарым-қатынасты бұзып, Түркияны әлем саясатынан оқшаулауға тырысқан «қосалқы мемлекет» деп атады.

— Осы «қосалқы мемлекет» Ресеймен арамызды суытты. Осы ұйымға мүше ұшқыш Ресейдің әскери ұшағын атып түсірді. Осы күнге дейін біз оны айтпап едік. Бірақ, мен — Мелих Гекчек осы оңбағандар ресеймен арақатынасымызды бұзды деп айта аламын, — деді ол CNN Turk телеарнасына берген сұхбатында деп хабарлайды Риа Новости.

Загрузка...