Андрей Аршавин үйленіп алыпты

64 просмотров

Life.ru сайтының хабарлауынша, бұрынғы супержұлдыз, қазіргі алматылық «Қайраттың» ойыншысы, ресейлік футболшы Андрей Аршавин бірнеше жыл бойы жүріп жүрген өзінің ғашығы Алиса Казьмина деген қызға үйленіп алыпты.

1 қыркүйекте екеуі тойын өткізіпті.

Айта кетсек, бұдан бұрын Андрей Аршавин тоғыз жыл бойы тұрған әйелі Юлия Барановскаяны үш баласымен тастап кеткен болатын. Содан кейін Аршавин балаларына алимент төлеуден жалтарып, біраз дауға іліккен еді.

Аршавиннің әлі де Алматыда доп теуіп жүргенін ескерсек, оның жаңа әйелін енді Алматыдан көріп қалуымыз ғажап емес.

pogudx3if0t6qolgsg.de0d752c

pogudx2nqfbvmpo2h.7485c71c

pogudx6hkc9rjvkk6.f9acc3ed

Загрузка...