Қанат Ислам WBA рейтингінде жоғарылап барады

26 просмотров

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) кәсіпқой боксшылардың рейтингін жаңартты. Бұл туралы Sports.kz жазып отыр.

Алғашқы ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Бейбіт Шүменов WBA (Regular) чемпионы мәртебесіне ие болып, тізімнің екінші сатысына жайғасты. Бұл салмақтағы бірінші орынды сарапшылар кубалық спортшы Юниер Дортикосқа берген.

Ал, алғашқы орта салмақта Қазақстан намысын қорғап жүрген Қанат Ислам болса жаңартылған рейтингте жетінші орыннан алтыншыға көтерілді. Жартылай орта салмақтағы тағы бір қазақ боксшысы Жанқош Тұраров болса бұрынғыша 15 сатыда қалып отыр. Жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүрген Жанат Жақиянов та позициясын өзгертпей, тізімнің бірінші сатысын әлі ешкімге берген жоқ.

Дереккөз: sn.kz

Загрузка...